Тапсырыс берушінің жеке талаптары бойынша роторлық-солқылдақты аппаратты (РСА), қабылдағыш бункерді және бекіткіш арматурасы бар құбыр желісін қамтитын роторлық-солқылдақты қондырғыларды РСҚ жасап шығарамыз.
РСҚ тиімділігі жоғары әмбебап араластырғыштар, ұсақтағыштар, майдалағыштар, гомогендеуіштер мен жылытқыштар болып табылады.
РСҚ қондырғылары сәтті пайдаланылады:
Тамақ өнеркәсібінде көкөніс және жеміс езбелерді, шырындарды, тұздықтарды дайындау үшін.
Құрғақ сүтті қалпына келтіру үшін
Құрғақ сүттен казеинт гелін, дәнді-дақыл нанды, тұшысу балдырынан шіріктұнба өндіру үшін.
Фармацевтикада – дәрілік шөптерді үгу үшін, дәрілік жақпамайларды дайындау үшін.
Пластификациялаушы қоспаларды және бетон қатуын баяулатқыштарды, гидрофобтаушы жабындарды, тегістемелерді, астарларды, желімді құрамдарды және басқа қиын араластын тұтқырлы илемді композицияларды алу үшін
Сулы мазутты, сулы дизельдік және биоотындық (шымтезек, су, мазут) эмульсияларды жасау үшін.
РСҚ қондырмасының жиынтықталуының келесі нұсқалары болуы мүмкін:
айдалатын өнімнің белгілі бір температурасын сақтауға, ротор айналу жылдамдығын реттеуге, айналымның қажетті уақытын сақтауға және басқ. мүмкіндік беретін басқару жүйелері.
жарылыстан қорғалған электрқозғалтқыштар;
қос қапталдық тығыздамалыр мен сұйықтық деңгейін көрсеткіштері бар РСА электрсораптары;- жұмыс істеуінің ресурстарын жоғарлату мақсатында SKF фирмасының мойынтіректерінде құрастырылған электрқозғалтқыштар
іске қосу аппаратурасы бар арбашалар;
сыйымдылығы 0,5м3-ден 0,9м3 дейінгі бункерлер;
тиегіш бункерді CZ10 электрмагнитті діріл белсендеткіштермен жиынтықтаймыз. Дірілдің деңгейі SDVC11-S бақылаушылармен реттелуі мүмкін.
Сыйымдылығы 850 литр ыдысы бар РПУ 5-55-5,5 құрамындағы майдалағыш: