Торцевые уплотнители TU605 для насосов, купить в интернет-магазине «FOODPUMPS»
ru en kz
141190, Мәскеу обл., Фрязино қ.,

Заводской проезд, 2-үй


Өңірлердегі өкілдіктер:

420080, Татарстан Республикасы, ,               

Қазан қ., Восстание к-сі, 37                  

тел: 8 (843) 202-41-70    
                         

  Жұмыс кестесі және өнімді жөнелту: Дүйс—Жұма с 8:00-ден 17:00 дейін  түскі ас 12:00-ден 13:00 дейін
Каталогтың PDF жүктеп алу Басып шығару

TU605 типті қапталдық тығыздамалар

Торцовые уплотнения типа TU605

  • Температура минус 60C-ден+380°C дейін
  • Жылдамдық 23м/с дейін (4000 айн/мин)
  • Қысым 20кгc/см² дейін

Үйкеліс жұбы кремний карбиді графитте немесе кремний карбиді кремний карбидінде.

Фотосуретте көрініп тұрған қимасы тікбұрышты тығыздамалық сақиналар Графойлдан (Grafoil) жасалған. Графойл —, көміртектен температуралық және химиялық әсерлерге төзімділік алған, иілімідікке және икемділікке ие болатын жылумен кеңейтілген графит. Құрамында 98% көміртек және 2% минералдар. Өзінің қасиеттерінен 3000°C дейін айрылмайды

Тығыздаманың айналмалы бөлігінің металл бөлшектері— AISI 316, хастеллойдан жасалған сильфонды қоспағанда (құрамында Ni — 69%, Mo-28%, қалғаны хром, вольфрам және басқ.).

Қапталдық тығыздаманың айналмалы бөлігі ішкі алтыбұрыштары бар бұрандалармен білікке бекітіледі.

Тығыздама жоғарлаған қысымда өте төмен немесе өте жоғары температуралар дың ауыр жағдайларында жұмыс істеуге арналған.

Назар аударыңыз! Монтаждағанда силиконды майлағышты пайдалану, ал 8 өстіі бұрандалардың қатты тартылып бұралуын тығыздаманың айналмалы бөлігін L2» өлшемге орнатқанда айқыштап тек қана білікке ішкі алтыбұрышы бар 3 тежегіш бұрандамен бекіткеннен кейін жүзеге асыру қажет.

Чертеж торцовых уплотнений типа TU605

Атауы

Білік диаметрі d,
мм
D,
мм
D1 ,
мм
L1,
мм
L2,
мм
TU605-16 16 38 35 11.5 46.5
TU605-18 18 40 37 11.5 46.5
TU605-20 20 42 40 11.5 46.5
TU605-22 22 44 43 11.5 46.5
TU605-24 24 46 43 11.5 46.5
TU605-25 25 47 45 11.5 46.5
TU605-28 28 50 48 11.5 46.5
TU605-30 30 52 50 11.5 46.5
TU605-32 32 54 56 14.0 46.5
TU605-33 33 55 56 14.0 46.5
TU605-35 35 57 58 14.0 46.5
TU605-38 38 60 61 14.0 46.5
TU605-40 40 66 63 14.0 47.5
TU605-43 43 69 66 14.0 47.5
TU605-45 45 71 70 15.0 47.5
TU605-48 48 74 73 15.0 47.5


TU605 типті қапталдық тығыздамаларды монтаждау жөніндегі қысқаша нұсқаулық.

1.Қапталдық ығыздама (ТУ) орнатылғанға дейін көз жеткізіңіз:

- сорап шамындағы ТУ қозғалмайтын бөлігі қондырылатын (ØD1H8) кеулей жону, сонымен қатар ТУ айналмалы бөлігі киілетін ұзартқыш диаметрі (Ødh7) Foodpumps.ru сайтындағы «қапталлдық тығыздамалар» TU605 типі тарауындағы кестелік деректерге сәйкес келетініне;

- ТУ қозғалмайтын бөлігі аймағындағы біліктің радиалды соғуы сорғының қозғалмайтын шамына қатысты 0,05мм-ден аспайтынына (ТУ қозғалмайтын бөлігі астындағы сорап шамындағы кеулей жонудың өлшемдік рұқсаты мен соғуларына өндіруші зауыт кепіл береді);

- біліктің өстік люфты (білік ұзартқышы) сорап жұмыс істеген кезде орын алуы мүмкін болатын өстік күштемеден (ОНЦ 25/30 К5-5,5/2 сорап үшін бұл 20кГс-тан астам емес) 0,5мм-ден аспайтынына;

- білік бетінде және шамдағы кеулей жонудың цилиндрлік бетте кертіктер, соқпадақтар, жаншылмалар жоқ екендігіне, ал білік бетінің кедер-бұдырлығы Ra 0.16 екендігіне;

- кіріс қиықжиектер жұмырланғанына және де оларда кертіктер мен соқпадақтар жоқ екендігіне.

    2.Тығыздама ершігіне силиконды майлағыштың өте жұқа қабатын жағу және оған ТУ қозғалмайтын бөлігін күш салып енгізу.

    3.Егер ТУ қозғалмайтын бөлігінің графитті сақинасының ажарланған бетінде саусақтардың іздері, майлығыштың іздері қалып қойса, оны ацетонға (спиртқа) ылғалдандырылан шүберекпен сүртіп алу қажет. Жалпы алғанда, графитті сақиналардың ажарланған беттері мінсіз майсыздандырылған болуы тиіс.

    4.Білік ұзартқышына силиконды майлағыштың жұқа қабатын жағу және оған ТУ айналмалы бөлігін енгізу.

    5.Серіппелі сильфонды қысу және ішкі алтыбұрышы бар тежегіш бұрандалардың көмегімен айналмалы ТУ бөлігін L2+0,5мм өлшемге бекіту.

Тартудың күші – максималды, металды жаншу күшінің шектерінде.

Көп реттік сығымдау - сильфонды босатуға болмайды.

Біліктен айналмалы ТУ бөлігін бұзбай шешіп алу, әдетте, мүмкін емес.

    6.Сорап жұмыс істеп тұрғанда білік бойынша ағындықтарды болдырмау үшін айналмалы ТУ бөліктің қапталындағы қыспа бұрандаларды қатты тартып бұрап тастау қажет.



  График работы и отгрузка продукции: Пн—Пт с 8:00 до 17:00  обед с 12:00 до 13:00
141190, Московская обл., г. Фрязино,

Заводской проезд, стр. 2


Представительства в регионах: 

420080, Республика Татарстан,               

г. Казань, ул. Восстания, 37                  

тел: 8 (843) 202-41-70    
                         

141190, Мәскеу обл., Фрязино қ.,
Заводской проезд, 2-үй

ppump@mail.ru
+7 (496) 255-69-22
Дүйс—Жұма с 8:00-ден 17:00 дейін
түскі ас 12:00-ден 13:00 дейін
© ООО "Пищевые насосы", 2009-2024
Оформить заявку
Введите телефон
Введите телефон
Проверьте корректность адреса
Прикрепить файл
Файл не выбран